Ауа райына байланысты шығыстағы екі облыста жол жабылды
Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Қазақстанның шығысындағы екі өңірде автожол учаскелері жабылып қалды. Бұл туралы ҚазАвтожол компаниясы хабарлады.
2 ақпан сағат 15.30-дан бастап республикалық маңызды автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Абай облысындағы «Алматы – Талдықорған – Өскемен-Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырымдары арасындағы Қалбатау ауылы учаскесімен – Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін жол жабылған.
Шығыс Қазақстан облысы жоғарыда аталған автожолдың 1013-1048 шақырымдары арасындағы Абай облысының шекарасы учаскесінен – Ұлан ауылына дейінгі жол жабылған.
ҚазАвтожол мәліметіне сүйенсек, қозғалыс 3 ақпанда шамамен сағат 6.00 ашылуы тиіс.
Айта кетейік, ҚазАвтожол компаниясының 1403 байланыс орталығына хабарласып, елдегі автожолдардағы жағдайға байланысты ақпарат алуға болады.