Соңғы 5 жылда 2,2 есе өскен: Қарағанды облысы қарызға батып отыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қарағанды облысының мемлекеттік қарызы соңғы бес жылда 2,2 есе өсіп, оны өтеуге жұмсалатын шығындар 1,5 есе артқан. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мәлімдеді.

Әсіресе, жергілікті атқарушы органдардың қарызы 2020 жылы, пандемия кезінде, күрт ұлғайған. Сол уақытта әкімдіктер мемлекеттік қарыз лимитін 3,8 млрд теңгеге асырып, көп мемлекеттік бағалы қағаздар шығарған.

Енді төлем жүктемесі 2031 жылға түседі. Сол жылы облыс 20 келісімшарт бойынша 21,7 млрд теңге несие қайтаруы тиіс. Жалпы облыстың мемлекеттік қарызының 60%-ы 2030-2043 жылдары өтелуі керек. Алайда мемлекеттік қарыздың нақты сомасын жарияламады.

Квазимемлекеттік сектордың қарыздары да көбейген

Квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындар да несие қарызына батып отыр. Мәселен:

  • «Теплотранзит Қарағанды» кәсіпорны тиімсіз жұмыс істейтін компаниялардың қатарында. Оның шығыны көбейіп, несие бойынша міндеттемелерін орындай алмау қаупі жоғарылаған.
  • «Қарағанды Су» болса бюджеттен несие алып, сонымен қатар бос қаражатты банкттегі депозитке салған. Ал таза табысын серіктестік қатысушыларына үлестіріп отырған.
  • «Шахтер» футбол клубы қаржыны тиімсіз басқарып, қарызы жылдан-жылға өскен. Қазір клуб қызметкерлердің жалақысы, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыз.

Бұған дейін 2024 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31 трлн теңгеден асып, Ұлттық қордағы қаражат көлемінен көп болғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз