Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк 2024 жылы қанша пайда тапқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк былтыр табысын арттырған. Назарбаев қоры бақылайтын банк 2024 жылы рекордтық пайда алғанын жариялады. Бұл туралы қаржы ұйымының есебіне сілтеме жасай отырып, Orda басылымы жазады.

Азия-Тынық мұхиты банкі (АТБ) 2021 жылы Назарбаев қорының бақылауына өткен. Ресей Орталық банкінің сайтында жарияланған деректерге сәйкес, АТБ былтыр 11,3 млрд рубльден (шамамен 59,2 млрд теңге) аса таза пайда тапқан.

Банктің проценттік кірісі 31,2 млрд рубльді (162,4 млрд теңге) құрады. АТБ-ның пайдасы рекордтық деңгейге жетіп, кейінгі айда 15,54%-ға өскен.

Назарбаев қоры банкті басқарған кейінгі үш жылда қаржы ұйымының таза табысы 19,88 млрд рубльге (103 млрд теңгеден астам) жетті.

АТБ 2021 жылы Ресейдің Орталық банкі қаржы ұйымын аукционға шығарғаннан кейін, Қазақстанның экс-президентінің бақылауына өтті.

Банкті «Pioneer Capital Invest» ЖШС сатып алған. Бұл компания Назарбаев қоры мен экс-президенттің атымен байланысты басқа құрылымдарға тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз