Пауэрбанк ұшаққа алып кіруге болмайтын заттарға жатқызылуы мүмкін

Жарияланды

Ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттардың қатары көбеюі ықтимал. Кореядағы соңғы ұшақ апатынан кейін Air Busan әуекомпаниясы телефонды қуаттау құрылғысына тыйым салып отыр.

Independent ақпаратына қарағанда,  бұл компания пауэрбанктерді багаж бөліміне өткізбеуді ұйғарған. Бұған 28 қаңтарда Гонконгқа ұшқан ұшақтағы өрт бұған себеп болған.

Қазақстанда тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізбесі 2023 жылы 27 шілдеде бекітілді. Тамыз айында оған жаңа пункттер қосылған еді.

Елімізде ұшаққа отырған кезде қол жүгі мен багаж ретінде мынадай заттарға тыйым салынған:

Жарылғыш заттар, оқ-дәрі және олардың муляждары, радиоактивті заттар, есірткі заттары, газ және дәрі ретінде қолданылатыннан өзге,  аэрозольдің барлық түрлері, тез тұтанатын заттар. Соңғысына ацетон, жанармай, ішімдіктер, сонымен қатар, калий, натрий, фосфор және басқа да заттар жатады. Улы мен жұқпалы қауіпті заттар, оттық, отындықтар, қару түрлері және тоқпақ, ескек, хоккей қалағы және осыған сияқты заттарға да тыйым бар.

Сосын 100 миллиграмнан асатын сұйықтықтар, гелдерді де ұшаққа алып кіруге болмайды. Мәселен, су, ішімдік, сироп, джем, бұқтырылған ет, соус және пасталар.

Қысымы жоғары, ыдыстағы әтір, спрей, көбіктер де қауіпті болып есептеледі. Электронды темекі, литий-ионды элементтері бар құрылғылар мен батареяларға да шектеу бар.

Мұның алдында Ryanair әуе компаниясының бас директоры әуежайда ішімдік сатуға тыйым салуға шақырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз