Маңғыстау облысы Италияның туристік каталогына енгізілді
Маңғыстау Италияның туристік каталогына енгізілді. Бұл туралы Kazakh tourism хабарлады.
Қазақстан мен Италия арасындағы туризм саласындағы серіктестікті кеңейту және жаңа бағыттарды дамыту мақсатында Kazakh Tourism мен Итальян-қазақ сауда қауымдастығы (ACIK) арасында меморандумға қол қойылды. Бұл келісім Италиядан Қазақстанға келетін туристер санын арттыруға және ұйымдастырылған турларды насихаттауға бағытталған.
Neos Air әуе компаниясы 2025 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан мен Италия арасындағы рейстер санын аптасына үш ретке дейін көбейтеді.
Италиялықтардың Қазақстанға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. 2024 жылы Қазақстанға келген италиялық туристер саны 32%-ға өсіп, 13 000 адамға жетті. Визасыз режим мен тікелей әуе қатынасының артуы бұл көрсеткіштің одан әрі өсуіне ықпал етпек.
Бұған дейін, Туризмді дамыту комитеті «2025-2029 жылдарға Маңғыстаудағы туристік зонаны дамыту бойынша кешенді жоспар» атты құжат жариялаған еді.
Жалпы Маңғыстау өңіріндегі туризмді дамыту үшін 517 млрд 943 млн теңге бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 37 млрд 644 млн, ал республикалық бюджеттен 204 млрд 299 млн теңге бөлінеді. Басқа қаржыландыру көздерінен 276 млрд теңге тартпақшы.