Назарбаевтың жерін екінші аукционда да ешкім сатып алмады

Жарияланды
Назарбаевтың жері тағы да өтпей қалды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Назарбаевтың жерін екінші рет аукционға шығарған болатын / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың жерін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бір күн бұрын аукционға шығарды. Алайда бұл жер телімін алуға ешкім өтініш бермеген. Осылайша Шамалған ауылының маңында орналасқан жер екінші рет сатылмай қалды.

«Аукцион мәртебесі: өтпеді. Аукцион басталғанға дейінгі уақытта сату объектісіне қатысушылар тіркелмеді», – делінген Электронды сауда алаңының сайтында.

Жерге Назарбаев қалай иелік еткен?

Бұл жер 2016 жылы Жанар Алдаш пен Ерік Сейітовтің атында болған. 2020 жылдың желтоқсан айында олар жерді Steppe AgroMeat компаниясына сатып жіберген. Ал Steppe AgroMeat ЖШС құрылтайшыларының ішінде Болат Назарбаев болған. Алайда 2023 жылы оның қайтыс болуына байланысты, компанияға құрылтайшы болып оның ұлы Нұрбол Назарбаев келген. Көп ұзамай, 2024 жылдың қыркүйегінде бұл жер телімі Steppe AgroMeat компаниясынан иелігінен шығарылып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілген.

Аукционға қашан шығарылды?

Бұл жер телімі 2025 жылдың 5 ақпанында сағат 10:00-де аукционға шығарылды. Онда лоттың бастапқы бағасы 127,8 млн теңге көлемінде бекітілген. Бірінші рет аукционға жер телімі 2024 жылдың 6 желтоқсанында шыққан. Ол кезде де ешкімнің өтініш бермегені себепті аукцион өтпей қалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз