Әзербайжан ұлттық мүддесін қорғау мақсатында АҚШ пен Ресей ұйымдарының жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Әзербайжан АҚШ пен Ресей ұйымдарының жұмысын тоқтатты / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әзербайжан ұлттық мүддесін қорғау мақсатында АҚШ пен Ресей ұйымдарының жұымысын тоқтатты. Бұл туралы Report басылымы өзінің сенімді дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Россотрудничество» агенттігінің Әзербайжан аумағындағы қызметін тоқтатқаны туралы ресейлік тарапқа ресми хабарлама жіберілді», – деп хабарлайды агенттік.

Басылым мәліметінше, осылайша Әзербайжан өзінің ұлттық мүдделерін қорғауды қолға алған. Яғни мемлекет өзінің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуына тосқауыл қою туралы шешім қабылдаған.

Мұның алдында дәл осындай шетелдік ұйым саналатын USAID агенттігінің де жұмысын тоқтатқан болатын. Бұл шешім Трамптың президентікке келуіне дейін шығарылған. Ол кезде де үкімет ұлттық мүдде тұрғысынан әрекет етіп жатқанын мәлімдеген.

«Біздің еліміздің өзі донор бола алады және сырттан көмек қажет емес. Мұндай көмек ашық емес схемалар арқылы жүргізіледі және бұл ұйымдар негізінен елге барлау мақсатында келеді», – деп мәлімдеген дереккөз.

Еске сала кетсек, Американың өзінде АҚШ үкіметі USAID-тің кей бағдарламаларын қауіпті деп таныған болатын. АҚШ билігі агенттікке дұрыс бақылау жүргізілмегенін, салдарынан салық төлеушілердің қаражатының орынсыз жұмсалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз