Қазақстанның 9 қаласында ауа қатты ластанады – «Қазгидромет»

Жарияланды
Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды / Фото: kursiv.media

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа ластанады. Ластану деңгейі жоғары қалалар арасында Алматы бар. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7 ақпан 2025 жылы метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Әсіресе, Өскемен мен Павлодар қалаларында ауа тіпті нашарлайды.

«2025 жылдың 07 ақпанда Павлодар, Қараганды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде» – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Астана, Петропавл, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластану деңгей төмен болады.

Сондай-ақ оқыңыз