Оқушылар арасында жеміс дәмі бар «құлпынай квик» есірткісінің тарағаны рас па?

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
«Құлпынай квик» есірткісі туралы ақапарт шындыққа жанаспайды — ҚР ІІМ / Фото: әлеуметтік желіден, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қырғызстан мектептерінде «құлпынай квик» деп аталатын жаңа есірткі таралуда деген ақпарат енді Қазақстанға да жетті. Хабарлама WhatsApp мессенджерін пайдаланушыларға келіп жатыр.

WhatsApp  мессенджеріне келген ақпаратта мектептерде «құлпынай квик» есірткісі таралып жатқаны айтылады. Жеміс дәмі бар кристалды метамфетамин кәмпит түрінде сатылып, балаларға таратылып жатыр делінген. Нәтижесінде оқушылар ауыр хәлде ауруханаға түсіп жатқаны айтылуда.  Алайда бұл дерек алдымен Қырғыз Республикасында таралған болып шықты. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі бұл мәліметке қатысты ресми түсінік берді. Ведомство бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын, фейк ақпарат екенін хабарлады.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, мұндай есірткінің таралуы туралы ешқандай ресми дерек жоқ, бұл хабарлама бұрыннан белгілі фейк. 

«Жалған ақпарат 2007 жылдан бері өзге елдерде тарап келе жатқанын және ешбір құқық қорғау органдары оны растаған  емес. Тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніңіз.  Дереккөздің сенімділігіне көз жеткізбей, хабарламаларды таратпаңыз»,- деп хабарлады Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Қырғызстанда кеңінен тараған бұл хабарлама Қазақстанға да жетті. WhatsApp  мессенджерін пайдаланушыларға да дәл осы мәлімет келіп жатыр.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі де бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралуда. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды», – делінген ресми хабарламада.

Министрлік қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Айта кетейік, биылдан бастап есірткі өндіру және өткізумен айналысатындар үшін жаза күшейді. жылб асында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз