Қаржыгерлер қауымдастығының басшысы қазіргі зейнетақы жүйесін жоюды ұсынды

Жарияланды
Шығарушы редактор, шеф-редактордың орынбасары
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Елена Бахмутова
Елена Бахмутова қазіргі зейнетақы жүйесін жоюды ұсынды / youtube.com/TEDx, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзін ақтамайды, қазіргі қорқадаланған мәселерді шеше алмағандықтан оны жою керек. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы Елена Бахмутова Forbes.kz басылымына берген сұқбатты осындай ұсыныс тастады.

2024 жылғы мамырда үкімет Салық кодексінің жаңа жобасын талқылады. Сонда айтылған ұсыныстардың бірі – жұмыс берушінің 2024 жылдың басында енгізілген міндетті зейнетақы төлемін алып тастау.

Бахмутованың айтуынша, төлемнің мұндай түрі салымшылардың меншігі саналмайды. Қаражатты пайдалану механизміне сәйкес, зейнет жасына жеткен азаматтар арнайы формуламен есептелген төлемді ала алады.

Өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар мұндай міндетті зейнетақы төлемін аудармайды, себебі оның жұмыс берушісі жоқ. Бахмутова осы санаттағы азаматтар үшін төлемді басқару жүйесін өзгерту қажет деп есептейді.

Оның пікірінше, платформада жұмыспен қамтылды деп көрсетілуі техникалық шешім ғана. Қазір салықтың жеңілдетілген түрі, яғни табыстың 4 пайызын төлеуге рұқсат берілген: оның 2 пайызы Бірыңғай жынақтаушы зейнетақы қорына, қалған 2 пайызы әлеуметтік сақтандыру қоры мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі.

«Айтыңызшы, 2 пайыз 10 пайыздық міндетті зейнетақы төлемін алмастыра ала ма? Сосын біз салымшылардың көбінің зейнетақы қорында қаражаты аз деп таңырқаймыз.

Табыстан ұсталатын 10 пайыз – кем дегенде болашақта төленетін зейнетақы екенін адамдарға үнемі түсіндіріп отыру қажет. Ал енді қазір осындай төлемдерді оңтайландыруға талпыныс – қартайған шақта кедейленуге ғана әкеледі», – дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2013 жылы құрылған. Оның құрылтайшысы – Қазақстан үкіметі.

Қордағы зейнетақы активтерін Ұлттық банк, Jusan Invest, Halyk Global Markets, BCC Invest, «Сентрас Секьюритиз», Halyk Finance басқарады.

2025 жылғы 1 қаңтарда қазақстандықтардың зейнеатқы қорындағы қаражатының көлемі 22,8 трлн теңге болған. Жыл өткен сайын көрсеткіш шамамен 4,93 трлн теңгеге немесе 27,6 пайызға артып отырады.  

Сондай-ақ оқыңыз