Freedom Telecom Holding 2026 жылы ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Freedom Telecom гипермагичтраль салады / Фото ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Freedom Telecom Holding Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралі мен Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салмақ. Компания мен Цифрлық даму министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.

«Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралі интернет-трафикті өткізу әлеуетін едәуір кеңейтіп, Қазақстанды халықаралық деректер алмасу орталығы ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба деректерді беру кідірістерін азайтып, қосылу жылдамдығын арттыруға және Азия мен Еуропа арасындағы интернет трафигі үшін баламалы маршрут жасауға бағытталған.

Freedom Telecom Қазақстандағы екі жобаға 107 млрд теңге тартуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Біріншісі, «гипермагистраль» – құны 17 млрд теңге. Ол елдің батысынан шығысына 3 100 шақырым жерге мәліметтер жеткізеді. Екіншісі, құны 90 млрд теңге болатын Tier III деңгейіндегі мәліметтерді өңдеу орталығы.

Сондай-ақ оқыңыз