«Президенттің тура алдында отырдым»: Нұрлан имам Трамптың қайырымдылық асына қатысты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Нұрлан имам АҚШ президенті қатысқан таңғы қайырымдылық асқа барды / Фото: nurlanimam.kz, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әлеуметтік желіде жақсы танымал имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты. «Дональд Трамптың тура алдында отырдым» деген имам бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Америка Құрама Штаттарының Вашингтондағы қайырымдылық таңғы асқа келіп отырмын…мыңдаған адам. Тура мына жерде АҚШ президенті сөйлейді. Тура президенттің алдында имамдарыңыз отыр», – деді Нұрлан имам.

АҚШ президенті Дональд Трамптың шара барысында сөйлеген сөзі Нұрлан имамға ерекше әсер еткен.

«Америка Құрама Штаттарының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниені жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтты. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды», – деп жазды Нұрлан Байжігітұлы.

Дәстүр бойынша жыл сайын ақпан айында Вашингтонда кәсіпкерлер, саясаткерлер және шетелдік қонақтардың қатысуымен қайырымдылық ас өтеді. Оны ең алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырған. 

Сондай-ақ оқыңыз