Тоқаев қазақстандықтар қарызға көптеп кіріп жатқанын мойындады
Реттеушілік шаралардың қатаңдағанына қарамастан, тұтынушылық несие көлемі бұрынғыдай өсіп келеді. Бұлай деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде айтты.
Президент проблемалық несиесі бар азаматтарға көмектесу саяси мәселе екенін атап өтті.
«Былтыр аталған көрсеткіш (тұтынушылық несие көлемі) 33 пайызға ұлғайды. Ал проблемалық борышкерлердің саны 1,5 миллион адамнан асты. Қарызға белшесінен батқан азаматтарға көмектесу керек. Бұл – аса өзекті саяси мәселе», – деді ол.
Тоқаев осы ретте қаржылық сауатты арттырудың, әсіресе өскелең ұрпақтың осы бағыттағы білімін жетілдірудың маңызына тоқталды.
«Банктер проблемалық займдарды қайта қаржыландыру жұмыстарын күшейтіп, борышкерлердің санын өсіруге жол бермегені жөн. Азаматтарға алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерге айрықша мән беру қажет, – деді президент.
Сондай-ақ президент кәсіпкерлермен кездесуде қоғамда қызу талқыланып жатқан қосымша құн салығы мәселесіне пікір білдіріп, үкімет ұсынып отырған мөлшерлеме тым жоғары екенін айтқан.