АҚШ 50 жыл бұрын Қазақстанға салған сауда шектеуін алып тастамақ

Жарияланды
АҚШ Конгресі Джексон – Вэнико түзетуінің күшін жояды / Фото: shutterstock

АҚШ Конгресі Джексон-Вэнико түзетуін алып тастайды. Қазақстанмен сауда қатынасын жаңарту туралы заң жобасына осындай өзгеріс енгізілмекші.

«1974 жылы қабылданған Джексон – Вэнико түзетуі Кеңес Одағына еврейлердің эмиграция құқығын қамтамасыз ету үшін қысым көрсету мақсатында енгізілген. Алайда Қазақстан 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекет ретінде азаматтарының елден еркін шығу құқығын толық қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан ондаған жылдар бойы АҚШ-тың көші-қон еркіндігіне қатысты заңдарын сақтап келеді», – деп жазылған сайттағы хабарламада

Ол мәлімдемеде 2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіргеннен бері елдің экономикасы тұрақты өсіп келе жатқаны жазылған.

«Қазақстанға PNTR мәртебесін беру – АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда қатынастарын жаңғырту туралы заңның бір бөлігі. Бұл экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, инвестициялар көлемін арттыруға және жаһандық бәсекелестік күшейіп жатқан кезде Қазақстанның тұрақтылығы мен тәуелсіздігін қолдауға ықпал етеді. Енді бұл маңызды сауда әріптестігін XXI ғасырға лайық деңгейге көтеретін уақыт келді», – деді АҚШ Өкілдер палатасының конгрессмені Джимми Панетта.

Вашингтонда бұл мәселе бірінші рет қозғалып тұрған жоқ. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио  «Джексон-Венико» түзетуін «ескінің қалдығы» деп бағалаған еді.

Аталған заң 1974 жылы қабылданған. Оған сәйкес, АҚШ адам құқығын бұзатын мемлекеттермен, нақты айтқанда КСРО елдерімен саудаға, мемлекеттік кредит беруге шектеу салған

Сондай-ақ оқыңыз