Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе мен Қызылорда облысында жол жабылды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстанның екі облысында трасса жабық / Фото: shutterstock

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелген. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.

Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі жабық. Бұл – Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі жол.

Ал Қызылорда облысында осы автожолдың 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесінде жол қозғалысы шектелген (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Бұл жолдарды 2025 жылғы 8 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз