Израиль әскері Газадағы Нецарим дәлізінен әскерін толық шығарады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Израиль 9 ақпан түнде әскерлерін шығаруды аяқтамақшы / Фото: kursiv.media архиві

Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газадағы Нецарим дәлізін толық босатып, солтүстік және оңтүстіктегі палестиналық анклавтарды бөлетін аумақтан әскерін шығарады.

Ynet порталдың мәліметі бойынша, ХАМАС радикалды қозғалысы ұстаған тұтқындарды босату туралы келісім шарттарына сәйкес, Израиль әскері 9 ақпан, түнде Нецарим дәлізі бойындағы позициялардан әскерін шығару процесін аяқтауды жоспарлап отыр.

ХАМАС өз кезегінде Нецарим тексеру пунктінде жеке америкалық компаниялардың болуына келісім берді, олар оңтүстік және орталық аудандардан солтүстікке көшірілген тұрғындарды үйлеріне қайта оралуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Палестина зерттеу орталығының директоры Мұхаммед әл-Масри мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Израиль Газа ХАМАС-пен атысты тоқтату туралы келісімге келді. Қазіргі таңда ХАМАС кепілге алынған азаматтарды босатып жатыр. Ал Израиль кепілден босаған азаматтарға тұтқындалған палестиналықтарды айырбастауға келіскен. 

Ал Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі, Иранға қарсы әскери операция басталатынын мәлімдеді.

2 ақпанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-қа келді. 4 ақпанда оның Трамппен кездесуі жоспарланған. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Конгрестен Израильге 1 млрд доллар көлемінде әскери көмек беруді мақұлдауды сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз