Трамп ЕО-ға қарсы күрес жүргізбеуі керек – Макрон
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/macron-makron.png)
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптан Еуроодақпен күрес жүргізуін тоқтатуды сұрады. Бұл туралы Франция басшысы CNN арнасына берген сұхбатында айтты.
«Еуропа сіз үшін одақтас. Егер сіз Еуропаның қауіпсіздік пен қорғанысқа көбірек инвестиция салғанын қаласаңыз, тарифтермен қорқытып, Еуропа экономикасына зиян тигізбеуіңіз керек», – деп мәлімдеді Макрон.
Сонымен бірге АҚШ-тың басты проблемасы ЕО емес, Қытай екенін айтты.
«Менің АҚШ-қа қоятын сауалым бар. Расында, сендердің проблемаларың – Еуроодақпен байланысты ма? Мен олай ойламаймын. Сендердегі мәселе – Қытайда. Соған назар аударғандарыңыз дұрыс», – деді Макрон.
Еске сала кетсек, АҚШ перзиденті Дональд Трамп сауда соғысын бастап, бірқатар елдерге кедендік баж салығын салды. АҚШ президентінің бұл қадамына жауап ретінде баж салынған елдер де америкалық импортқа салықты көтерді. Мәселен, Қытай Трамптың сауда соғысынан кейін көмір, газ және электрлі жүк машиналарына кедендік баж салығын көтерді. Бұған қоса сенмісіз ұйымдар ретінде америкалық алпауыт компанияларға қарсы тексеріс бастады.