Ресей Қытайға мұнайды 3-5 долларға арзан бағамен ұсынып жүр – Bloomberg

Жарияланды (жаңартылды )
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Ресей Қытайға мұнайды арзан бағамен ұсынып жүр / фото: REUTERS/Chen Aizhu

Ресей Қытайға наурызда жеткізілетін ESPO мұнайын Brent-ке қарағанда 3 долларға арзан бағаға ұсынып отыр. Федерация өткен айда 5 долларға арзанға сатқан болуы мүмкін деп жазды Bloomberg.

Басылым мәліметінше, Қытайдың мұнай өңдеуші зауыттарына ресейлік ESPO (ВСТО) шикі мұнайды арзан бағамен ұсынып жүр, себебі сатып алушылар АҚШ санкцияларынан үрейленіп, логистика мен бюрократия кедергілері көбейген.

Трейдерлердің агенттікке айтуынша, Ресейден заңсыз танкермен жеткізілген шикізатты Brent-ке қарағанда 2-3 доллар арзанға ұсынған. Аты-жөні аталғанын қаламаған трейдерлер жүк наурызда түсірілетінін айтқан.

Мұнай пираттары

Өткен айда ресейлік мұнай әдеттегіден 5 доллар арзанға сатылған. Сатып алушыларға қара тізімдегі кемедегі шикізатты арзанға түсіріп алуға рұқсат берілген. Сұраныстың азаюы бағаның күрт түсуіне әсер еткен. Себебі Қытайдың мемлекетік мұнай өңдеу зауыттары осы айда заңсыз келісімдерден шет қалып жатыр. Олар ВСТО-мен жұмыс істеудің салдарынан үрейленеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігі биліктен қаңтардың басында кетіп бара жатып Мәскеудің мұнай өнеркәсібіне қарсы санкциялар енгізген. Шектеулердің Ресейдің Козьмино портына қызмет көрсететін көптеген флотты қамтыған. Соған байланысты Қытай порттары да санкция тізіміндегі танкерлерден аяқ тартып қалған.

ESPO тасыған ресейлік танкерлердің кейбірі Қытай жағалауында қаңтарылып тұрып қалған. Мұнай нарығындағылар кедергілерден айналып өтудің басқа да жолдарын қарастыра бастаған, бірақ Қытайдағы жекеменшік мұнай өңдеуші зауыттар санкцияларға томпақ келетін сауда келісімдерін жасаудан қашқақпайды. Себебі мұнда билік бақылауы өте қатты деп жазды Bloomberg.

Сондай-ақ оқыңыз