Астанада 6 мыңнан аса азаматты алдаған қаржылай пирамида анықталды

Жарияланды
Livegood атты қаржылай пирамида анықталды / Фото: shutterstock

Астанада «LIVEGOOD» атты қаржы пирамидасын анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл ұйым 6 мың азаматқа жалған уәде беріп, қаржысын алған. Күдіктіні Астана әуежайынан Түркияға ұшқалы тұрған жерінен ұстады.

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікті биологиялық белсенді қоспа (БАД) сататын желінің атын жамылған. 2023-2025 жыл аралығында мыңдаған азаматпен жұмыс істеп үлгерген. Оларға «LIVEGOOD» компаниясынан «ай сайын 50 долларлық жазылым сатып алсаңыз, 2 000 долларға дейін бонус ұсынады» деген уәде берген.

Жазылушыларынан шамамен миллиондаған жуық қаражат жинап алған. Агенттік мәліметінше, ол ақшаға авто тұрағы бар екі пәтер сатып алып, өз атына және сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген. Сондай-ақ тергеу кезінде «Binance» биржасында жалпы құны 28 мың доллар болатын криптоактивтері де анықталды.

«Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды», – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Сот шешімімен екі айға дейін тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз