Кенесары ханның ұрыс тәсілдері әскери бағдарламаға енуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі

ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев министрлік Кенесары ханның соғыс жүргізу тактикасын зерттеумен айналысып жатқанын мәлімдеді.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген вице-министр Кенесары хан қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсететінін атап өтті.

«Кенесары ханның өмірі мен әскери тактикасымен таныспын. Бүгінде оның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз. Бірақ әр сарапшының өз пікірі бар. Кенесары қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар, біз Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын да зерттеп жүрміз», – деді Жазықбаев.

Қазақ армиясын қазақша оқыту мәселесі

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстандағы әскери жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне қатысты пікір білдірді. Журналистер қазақ армиясының курсанттары неге негізінен орысша оқуға мәжбүр екенін сұрады.

Жазықбаевтың айтуынша, қазіргі таңда 70% оқу бағдарламасы қазақ тілінде жүргізіледі.

«Қазақ армиясын қазақша оқыту басталып кетті. Бүгінде барлық әскери оқу орындарында 70 пайыз қазақ тілінде білім беріледі. Ал әскери техникаға арналған нұсқаулықтар бұрынғы тілінде сақталған, өйткені олардың құндылығы әлі де жоғары», – деді Жазықбаев.

Сондай-ақ оқыңыз