Астанада қыздармен танысып, сусындарына есірткі қосатын алаяқтар көбейді
Жарияланды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/podmeshivayut-v-napitok-1024x576.png)
2024 жылы елімізде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың арасында қылмыскерлер бейтаныс адамдардың, әсіресе қыздардың ішімдік немесе басқа да сусындарына есірткілік заттар қосу фактілері жиі кездеседі. Осыған байланысты елордалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы ескерту жасады.
Мамандар бұл мәселеге бейжай қарамау керектігін айтып, өз қауіпсіздігін қорғау үшін арнайы тест-жолақтарын пайдалануды ұсынды. Бұл жолақтар есірткі заттарын анықтауға көмектеседі.
Мұндай тест-жолақтарды дәріханалардан алуға болады, шағын көлемді және қолдануға ыңғайлы. Ең бастысы – олар сусынға есірткі қосылған-қосылмағанын бір минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді.