Армения парламенті Еуроодаққа кіру туралы заң жобасын қабылдады
Армения парламенті ЕО-ға кіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Аrmenpress басылымы хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, заң жобасын қабылдауға 63 депутат дауыс беріп, жетеуі қарсы болған. Нақтырақ айтқанда, жобаға «Честь имею» партиясы фракциясы қарсы дауыс берген. Ал «Армения» фракциясының депутаттары қалыс қалса, «Азаматтық келісім» партиясының депутаттары қолдау білдірген.
9 қаңтарда Армения үкіметі Еуропалық одаққа кіру туралы жобаны әзірлеп, парламентке жіберетіні хабарланды. Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ЕО қаншалықты маңына жақындатса, елдің соншалықты жақындай түсетінін мәлімдеген болатын. Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің тіпті 2024 жылы ЕО-ға мүше бола алатынын айтқан.
Бұдан кейін Ресей президентінің бас хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеме жасап, елдің екі бірдей одаққа мүше бола алмайтынын айтты.
Ал 13 қаңтарда Экономика министрі Геворк Папоян Арменияның ЕАЭО-дан шығу мәселесін қарастырмайтынын жеткізді. Әйтсе де, министр елдің Еуропалық одаққа кіру мәселесі күн тәртібінен түспейтінін жеткізген.