Полиция Айгүл Иманбаеваның үйіндегі думанның «шырқын бұзды»

Әртіс Айгүл Иманбаева басы қосыла бермейтін достарын шақырып, соғымбас берген. Ет желініп, ән айтылған әдемі отырыс көпті сүйсінтті. Алайда кешті полиция қызметкерлері бұзған.
«Сонау 1994 жылдан, студенттік кезден бірге келе жатқан жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін «Соғым party-ға» шақырдым»,– дейді әртіс желідегі парақшасында.
Қонаққа келген аттасы дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева болмаса, достар шашырап жүре беретінін айтып, өнердегі әріптесіне алғыс білдірді.
Әзіл-қалжың айтылып, ән шырқалған жарасымды отырысты көршілердің шағымы бойынша келген полиция бұзады. Олар думанды кешті тоқтатып, қонақтар тарауға мәжбүр болған.
Айгүл Елшібаева «бір айтуымыз кем болып қалды» деп жазады кештің уақытынан бұрын тоқтатылғанына өкініш білдіріп.