Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция 20,3%-ға артты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
туризмге салынған инвестиция 20,3%-ға артты / фото: архив kursiv.media

2024 жылы Қазақстанда туризм саласына салынған инвестициялар көлемі айтарлықтай өсім көрсетті. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, негізгі капиталға құйылған қаржы 947,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға артты (787,3 млрд теңге). Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңге болған.

Өсім байқалған өңірлер

Инвестициялар көлемінің артуы 15 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсім көрсеткен аймақтар:

  • Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға артты (26 млрд тг);
  • Ұлытау облысы – 84,2%-ға артты (4,7 млрд тг);
  • Қызылорда облысы – 63%-ға артты (33,7 млрд тг);
  • Түркістан облысы – 45,6%-ға артты (81,2 млрд тг);
  • Атырау облысы – 31,3%-ға артты (23,5 млрд тг).

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі туризм өкілдері Ұлттық экономика министрі Серік Жүманғаринмен кездесуде қосылған құн салығы көтерілетін болса шкі туризмге үлкен қауіп төніп тұрғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз