Досаев алматылықтар суды үнемдеуі үшін тарифтерді көтергенін айтты

Жарияланды
Ресей азаматы Досаевқа шағымданды
Досаев Алматыда су бағасы не себепті көтерілгенін түсіндірді / Фото: kursiv.media

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда су бағасы неге күрт қымбаттап кеткенін түсіндірді. Айтуынша, сараланған тарифтер енгізілген. Оған сәйкес, су үнемдей алмайтын адамдар қымбатырақ төлейді.

Қала тұрғыны коммуналдық төлемдердің күрт қымбаттап кеткенін, соның ішінде суға тарифтердің үш есе көтерілгенін айтты.

«Бұл тарифті пенсиядағы адамдар қалай төлеуі керек? Не себепті баға күрт көтеріліп кеткенін түсіндірсеңіз», – деді зейнеткер.

Қала басшысы тұтынған су көлеміне қарай сараланған тарифтер енгізілгенін мәлімдеді. Досаев сараланған тарифтер қала тұрғындарын суды үнемдеуге үйрететініне сенімді.

«Біз сараланған тарифтерді енгізді. Біз әр адам шамамен қанша көлемде су тұтынатынын есептеп, орташа тұтыну көлемін шығардық. Алматы тұрғындары суды үнемдеуі керек. Бізде суды үнемдеуге қатысты мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Суды үнемдеп, қажетіне қарай жарататын адамдарға біз бекіткен нормалар молынан жетеді. Су біздің басты байлығымыз», – деді әкім.

Досаев суды өшіруді ұмытып кететін, есік алдындағы бақты ауыз сумен суғаратын адамдар бар екенін, солар үшін коммуналдық төлемдер артатынын айтады.

Сондай-ақ қалада су тапшылығын болдырмау мақсатында жер асты су қорын барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

«Алматыда су қоры бар. Бірақ соның өзінде біз оны үнемдеп пайдалануымыз керек», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз