Жаңа киберқылмыс: 25 мың заңсыз SIM-карта тәркіленді
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/simki-i-moshenniki-1024x576.png)
Интернет-алаяқтар үлкен мегаполистерді ғана емес шалғайдағы қалаларға да ауыса бастады. Киберполиция Қазақстанның оңтүстігі мен орталық, солтүстік өңірлерінен 25 мыңға жуық заңсыз sim-карталар тәркіледі.
Полиция мәліметінше, алаяқтар шетелде отырып-ақ Қазақстан тұрғындарына кибершабуыл жасай алады. Ол үшін sim-box құрылғыларын пайдаланады.
«Бір күн ішінде Балқаш, Тараз, Екібастұз және Петропавл қалаларында киберполиция бөлімдері прокуратура және ұялы байланыс операторларымен бірге заңсыз sim-бокстардың әрекетіне тоқтау салатын шаралар жүргізді. Операция кезінде 4 адам ұсталды, олардың екеуі көрші ел азаматтары. Тінту кезінде алты sim-box құрылғысын, 24,5 мыңнан аса sim-картаны және перифериялық құрылғылар табылған», – деп жазылған құзырлы органдар хабарламасында
Ұсталған тұлғалар интернет-алаяқтық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sim-box деген не?
Sim-box — қылмыскерлерге әлемнің кез келген нүктесінде отырып, белгілі бір елдің ішінде қоңырау шалуға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл құралдар сол елдің ішінде орналасады және жергілікті байланыс операторларының трафигін пайдаланады.
Кибершабуылдар әлем бойынша күннен-күнге өсіп жатыр. Microsoft Digital Defense талдауынша, бір күнде 600 млн кибершабуыл жасалады екен.