Трамптың бейбітшілік жолындағы келіссөздері мұнай бағасын құлдыратып жіберді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мұнай бағасы неге құлдырады / Фото: shutterstock

Трамптың бейбітшілік жолындағы келіссөздері мұнай бағасын құлдыратып жіберді. Үш сауда сессиясындағы сенімді өсімнен кейін, сәрсенбі, 12 ақпан күнгі саудада Brent маркалы мұнай бағасы 74,9 долларға дейін төмендеді.

Сарапшылар мұнай бағасының арзандауы АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей-Украина қақтығысын реттеуге бейбіт келіссөздерді бастауы ықпал етуі мүмкін екенін айтады.

Телефон арқылы жүргізілген келіссөз барысында Трамп Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен қазіргі жағдайды талқылады.

Бұдан бөлек, мұнай бағасына АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі коммерциялық мұнай қорының өсуі туралы деректері де қысым жасауы мүмкін. Өткен аптада қор көлемі 4,1 млн баррельге ұлғайып, бұған дейін болжанған 2,3 млн баррель өсімнен асып түсті.

«Бұл жанама түрде жоғары пайыздық мөлшерлемелер аясында экономикалық белсенділіктің баяулауына байланысты АҚШ-тағы энергия ресурстарына сұраныстың төмендеуі мүмкін екенін білдіреді», – делінген Қазақстан қаржыгерлер сараптамасында.

Ақпан айының басында АҚШ санкциялары салдарынан Ресей мұнайы арзандаған болатын. Шетелдік басылымдар Ресей Қытайға мұнайды 3,5 долларға арзанға ұсынып жатқанын жазады. Енді Brent марқалы мұнай да құнын жоғалтып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз