Жапон көліктері Honda мен Nissan енді электромобильге айналуы мүмкін

Жарияланды
Интеллект пен электромобильдер дәуіріне осылайша дайындық жүргізбекші/коллаж, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жапон көліктері Honda мен Nissan бір қолдан шықпайтын болды. Өйткені Honda Motor пен Nissan Motor атты автоөндірушілер екі компанияны біріктіруден бас тартты. Олар енді электромобиль шығаруды қолға алмақ.

Interfax хабарына қарағанда, екі компания интеграциядан бас тартуды жөн көрген. Оның орына жылдамдықты арттыруға көңіл бөлуді ұйғарыпты. Бұл жерде әңгіме шешім қабылдау жылдамдығы туралы болып отыр. Әсіресе, Honda мен Nissan секілді жапон көліктері корпорациялары үшін.

Неге мұндай шешімге келген?

Компаниялардың мәлімдемесіне қарағанда, қазір электрлі көліктердің дәуірі жүріп жатыр. Нарықтағы орта лезде өзгеріске түседі. Сондықтан шешімдердің жылдам қабылдануы мен бизнес-шараларды іске асырған маңызды. Бұл екі жапониялық алып компания электрмобиль шығаруға ниетті екенін тұспалдап өткен.  

Honda Nissan-ды жұтып қоюға сәл қалды

Жапон көліктері Honda мен Nissan бір қолдан шығуға шақ қалған. Өйткені бұл екі компания акцияларды алмасуды қарастырды. Соның нәтижесінде  Nissan Hondaның 100 пайыз еншілес компаниясына айналу қажет еді. Бірлескен холдингтік компания құрылған жағдайда, Honda директорлар кеңесінде көпшілік орынды иеленер еді.  

Жапон көліктері электромобильге айнала ма?

Honda и Nissan енді серіктестік әріптестік аясында ынтымақтастық орнатпақ. Интеллект пен электромобильдер дәуіріне осылайша дайындық жүргізбекші. Осылайша, Жапон көліктері Honda мен Nissan болашақта бірге ілгерілемек.

Екі компанияның хабарлауынша, Honda, Nissan және Mitsubishi Motors арасындағы үш жақты меморандум да бұзылған.

Кімнің акциялары өсті?

Айта кететін жайт, жапон көліктері Honda мен Nissan-ға әлемде сұраныс бар. Honda акциялары бейсенбі күні Токиода өткен сауда нәтижесі бойынша 2,1 пайызға өсіп отыр. Mitsubishi де 0,8 пайыз өсім көрсетіп отыр. Алайда, Nissan қағаздары 0,3 пайызға арзандады. Бірақ жапон көліктерінің келешегі әлі де жарқын.

Мұның алдында Honda Motor мен Nissan Motor екі компанияны біріктіру туралы келіссөз бастаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз