Лифтіде бес жасар баланы пышақтаған жасөспірімнің қайда жатқаны белгілі болды

Жарияланды
Анасы жауапкершілікке тартылды/фото: скрин

Лифтіде бес жасар баланы пышақтап кеткен шизофрениямен ауыратын жасөспірімнің қайда жатқаны белгілі болды. Оны тергеу изоляторына емес, психологиялық орталыққа апарған.

Tengrinews ақпаратына қарағанда, бұл жайында Бала құқығын қорғау жөніндегі өкіл Динара Закиева хабарлаған.

Психологиялық орталыққа орналасқан

Оның сөзіне қарағанда, ол тергеу изоляторында емес, Астана қаласының психологиялық орталығының бірінде жатыр. Ол жерде қоғамға қауіпті аурулар жататын арнайы бөлім бар.

«Шабуыл жасаған бала денсаулығына байланысты тергеу кезінде денсаулық сақтау жүйесінің мекемесінде орналастырылған. Анасы жауапкершілікке тартылды», – деп жауап берген өкіл.

Жасөспірім бақылауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Онда қанша адам жатыр?

Закиеваның айтуынша, психикалық ауытқушылығы бар қылмыскерлерді мәжбүрлі түрде емдейтін мекемеде қазір 745 адам бар. Соның бірі – лифтіде бес жасар баланы пышақтаған осы жасөспірім. 2024 жылы бұл жерге жаңа науқастар түспеген.  

«2024 жылы кәмелет жасына толмаған 1 890 бала қылмыс жасаған. Оның 130-ы ауыр қылмыс. Олардың арасында 12 кісі өлтіру дерегі тіркеліп отыр. Осылайша,  адамның бағасын түсіріп, жасалған қылмыстар мен есепте тұрған кәмелет жасына толмағандарды байланыстыруға болмайды», – деді өкіл.

Мұның алдында оқиғаның егжей-тегжейі жайлы жәбірленушінің анасы сұхбат берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз