Кейінгі бес жылда Қазақстанның акциялар нарығы 40%-ға өскен
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/shutterstock_2359333309-1.jpg)
Кейінгі бес жылда Қазақстанның акциялар нарығы 40%-ға өскен. Ал оны капиталдандыру 63 млрд долларға жеткен. Бұл туралы «KASE: Joining Tabadul Digital Hub» форумында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.
«Бұл елдегі ЖІӨ-нің 26%-ын құрайды. Шығарылған корпоративтік облигациялардың жалпы көлемі 26 млрд долларға жетіп, ЖІӨ-нің 11%-ын құрады», – деді ол.
Хаджиеваның айтуынша, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы сенімді өсіп келеді және одан әрі даму үшін жағдай жасайтын қолайлы инфрақұрылымы бар.
Орташа алғанда жыл сайын нарыққа эмитенттердің 30-ға жуық жаңа акция мен облигациясы шығады. Ал KASE-нің сауда тізіміндегі құралдардың жалпы саны 1 904-ке жеткен.
Жеке инвесторлар ашқан шоттардың саны 3,5 млн-нан асқан.
Ал банктер, сақтандыру ұйымдары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және эндаумент қорлары сынды институционалдық инвесторлардың инвестициялық портфелі 63 млрд долларға жетті.
Бұған дейін қазақстандық компаниялар арасында ең тиімді және сенімді инвестиция құралы бола алатындардың тізімін жасадық.