Оқушыны кастетпен ұрып өлтірген екі жамбылдық жасөспірім ұзақ жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Оқушыны кастетпен ұрып өлтірген екі жамбылдық жасөспірім ұзақ жылға сотталды/Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Меркі ауданында мектеп оқушысын өлтірген екі жасөспірімге үкім шығарды.

Мән-жайы

2024 жылғы мамырда кәмелетке толмаған сотталушылар мен жәбірленуші арасында жанжал болып, сотталушы С., сотталушы Б.-ның нұсқауымен темір кастетпен жәбірленушінің желке тұсынан ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Соққы салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. 

Тараптардың позициялары

Прокурор айыпталушылардың әрқайсысын 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Жәбірленуші тарап сотталушыларды қатаң жазалауды сұрады. Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады. 

Сот шешімі

ҚК-нің 55, 81-баптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 9 жылдан (12 жылдың 3/4 бөлігі) аспауы керек. 

Кәмелетке толмаған сотталушы Б. қылмыстағы бастамашы рөлі ескеріліп, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Кәмелетке толмаған сотталушы С.-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот әрбір сотталушының заңды өкілдерінен моральдық шығынды өтеу үшін 10 млн теңге өндірді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында 8 сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз