Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісі ЕАЭО елдерімен салыстырғанда ең төмен көрсеткішке ие

Қазақстан 2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында өнеркәсіп өндірісінің ең төменгі өсу қарқынын көрсетті – 2,7%. Бұл көрсеткіш орташа одақ деңгейінен (4,5%) айтарлықтай төмен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шолуында айтылған.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша Қырғызстан көш бастап тұр. Бұл елде көрсеткіш 5,5%-ға өскен. Одан кейінгі орында Беларусь (5,4%), Армения (4,7%) және Ресей (4,6%) елдері.
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай қарқынмен дамып, бір жылда 5,9 %-ға өсті. Желтоқсан айында қарашаға қарағанда, өсім 13,1%-ға артқан. Алайда сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинау мен тарату саласында 0,3%-дық төмендеу тіркелді. Ай сайынғы көрсеткіш 2,3%-ға төмендеген.
ЕАЭО бойынша өңдеу өнеркәсібі орташа есеппен 8,2%-ға өсті, ал электрмен жабдықтау, бу, газ және ауа баптау салалары 2,7%-ға артты. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 0,8%-ға, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды басқару 0,1%-ға төмендеді.
Айлық есептеулерге сәйкес, ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 14,2%-ға ұлғайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 8,9%-ды құрайды. Ең жоғары өсім Арменияда (17,7%) байқалса, ең төменгі нәтиже Беларуське (4,8%) тиесілі.