Қазақстанда ашық нарықтардағы инвестициялар туралы Oninvest.com жобасы іске қосылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Фондовый рынок
Фото: Shutterstock

Oninvest.com сайты ақпараттық контенттен және акциялар деректер базасынан тұрады. Пайдаланушы әлемдік нарықтар туралы сарапшылардан маңызды жаңалықтар мен сараптаманы алады, сондай-ақ 50 000-нан астам эмитенттердің акциялары туралы инвестициялық талдауды көреді.

Журналистік материалдар мен деректер базасындағы ақпараттар инвестицияға қызықты компаниялардың негізгі трендтерін бақылауға, сондай-ақ мүмкін болатын инвестициялар үшін ерекше нысандарды табуға көмектеседі. Арнайы бөлім ретінде small caps – АҚШ-тың орта және шағын капитализациясы бар компаниялары туралы ақпараттық лента ұсынылған.

Сайттан бөлек, жобаның редакциясы Oninvest телеграм-арнасын және апталық e-mail жаңалықтар таратылымын дамытып жатыр. Эмитенттер деректер базасы PRAAMS сервисімен бірлесіп әзірленген.

Oninvest.com қаржылық инвесторы – қазақстандық кәсіпкер, қаржыгер Тимур Турлов. Жоба Алматыда Kursiv.Media Holding Ltd. компаниясының аясында іске қосылған, оның басшысы Александр Воротилов. Ал жобаны жүзеге асыру командасы Ресейдің Forbes және басқа танымал медиа салаларында жұмыс істеген топ-менеджерлерден құралған. Команданың құрамында Oninvest.com басшысы Елена Тофанюк, бас директор Эльмар Муртазаев, өнім жөніндегі директор Павел Власов-Мрдуляш бар.

«Біздің мақсатымыз – әлемдік жария нарықтардағы инвестициялармен қызығатын инвесторлар үшін беделді және объективті ақпараттық алаң құру. Бұл тек басы ғана, алда үлкен жоспарлар бар», – дейді Александр Воротилов.

«Инвестициялар әлемінде әр сәт сайын көптеген қызықты оқиғалар болып жатады. Біз сізге болып жатқан оқиғаларды бақылауға көмектесетін және қызықты инвестициялық идеялар ұсынатын навигатор болғымыз келеді», – дейді Эльмар Муртазаев.

Александр Воротилов – танымал қазақстандық журналист, редактор және медиаменеджер. Forbes Kazakhstan журналын іске қосуға және Kursiv Media компаниясының жетекші бизнес газеті мен сайтының жаңартылуына қатысқан.

Елена Тофанюк 25 жылдан астам уақыт бойы іскерлік журналистикамен айналысқан, оның 15 жылын қаржы саласына арнаған. 2016 жылы үш деңгейдегі CFA емтихандарын тапсырып, сертификат алды. РБК және Forbes Russia басылымдарында жұмыс істеді, Forbes Talk шоуын жүргізді, Fun&Profit Telegram арнасының негізін қалаушы.

Эльмар Муртазаевтың іскерлік журналистикада 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Forbes Russia бас редакторы және бас директор қызметін атқарған, Forbes Baltia бас редакторы, РБК-ТВ басқарушы директоры, «Курсив-Медиа» бас директоры болған.

Павел Власов-Мрдуляш – онлайн-медиа және web 2.0 жобаларының баспагері. Бұған дейін «Е-генератор» компаниясының атқарушы директоры (СМИ2 агрегаторы, МирТесен әлеуметтік платформасы, LabelUp агенттігі), «Идеономика» басылымының негізін қалаушы, Slon.ru баспагері болған. 2016 және 2017 жылдары Ресейдің жас медиаменеджерлерінің рейтингінде екі рет жеңіске жеткен.

PRAAMS дегеніміз не?

PRAAMS – бұл персонализирленген аналитика, тәуекелдерді басқару, портфельдерді құру және оңтайландыру үшін автоматтандырылған, масштабталатын ІТ-шешім. Әлемдік қаржы институттары қолданатын әдістемелерді пайдалана отырып, PRAAMS 180 000-нан астам ғаламдық акциялар, облигациялар, ETF, қорлар, индекстер, FX, криптовалюталар және басқа да активтер кластарын талдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз