De Beers, Frank Muller, Yeprem. Байлар мен жемқорлардан қайтарылған зергерлік бұйымдар аукционға шығады

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» байлар мен жемқорлардан қайтарылған зергерлік бұйымдарды аукционға шығарды. Бұл туралы компания сайтында жазылған.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы хабарлайды. Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады», – делінген компания хабарламасында.
Қымбат зергерлік бұйымдар ішінде DE BEERS брендінің 158 млн теңге тұратын сырғасы бар. Әшекей бұйымдар ішіндегі ең қымбаты осы. Әшекей салмағы 5,8 грамды құрайды. Гауһар тастарының көлемі 6,06 карат.

Frank Muller, Yeprem, Van Cleef & Arpels
Бұдан бөлек Frank Muller, Yeprem, Van Cleef & Arpels брендтерінің де бұйымдары бар. Олар мынадай:
- Құрамы ақ алтыннан тұратын, гауһар тастары бар Van Cleef & Arpels брендінің алқасы – бастапқы бағасы 55 млн тенге;
- Гауһар тастары бар ақ алтыннан тұратын Yeprem брендінің сақинасы – бастапқы бағасы 14,7 млн теңге;
- YEPREM брендінің гауһар тасты сырғасы – 9,5 млн теңге;
- Сары және ақ алтын аралас, 190 гауһар тасы бар Frank Muller сырғасы – бастапқы құны 6,3 млн теңге;
- Frank Muller алқасы – 7,5 млн теңге;
- Marco Bicego алқасы – бастапқы құны 4 млн теңге;
- Маржан тасы бар Сhopard алқасы – 2,7 млн теңге.
- Frank Muller білезігі – 7,2 млн теңге.
Аукцион 4-7 наурыз аралығында өтеді:
- 4 наурыз — 15 актив,
- 5 наурыз — 10 актив,
- 6 наурыз — 36 актив,
- 7 наурыз — 2 актив аукционға шығарылады.
Айта кетейік, әшекей бұйымдарға компания бастапқы баға белгілеп қойды. Аукцион барысында аталмыш бұйымдар мұндағы құнынан да қымбатқа сатылуы ықтимал.