«Қазақтелеком» қазақстандықтардың роутерларын жаңартуды жалғастырады

Жарияланды
«Қазақтелеком» 6 айда 300 мың роутер орнатқан/Фото: «Қазақтелеком»

2024 жылдың қазан айынан бастап «Қазақтелеком» мамандары республика бойынша 300 мың роутер орнатты. Компания жаңа жабдықты ескі жабдықпен ауыстыру немесе қосымша роутер орнату интернет сапасын айтарлықтай жақсартатынына сенімді.

«Бүгінгі күні клиенттерімізге шамамен 300 мың жаңа роутер орнаттық және осы жұмысты компания өз қаражаты есебінен, қосымша құрылғыны пайдалану үшін арендалық төлемсіз жүргізіп жатқанын айтқым келеді. Яғни клиент ешқандай қосымша шығын көрмейді және қосылған тарифіне сәйкес қызметтерді төлей береді», – деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Фото: «Қазақтелеком»

Телеком-операторының баспасөз қызметі «Қазақтелеком» компаниясына әртүрлі арналар арқылы күн сайын жаңа роутер орнатуға жүздеген өтініш түсіп жатқанын атап өтті. SAPA + роутерін орнату жарты жылдан бері іске асып жатыр. Сондай-ақ жоба жайлы әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және корпоративтік коммуникация арналары арқылы да белсенді айтылып жатыр. Алайда осыған қарамастан, компанияның кеңесшілері мен инсталляторларына сенбей, күмәнмен қарап, кейде алаяқтар деп атайтын клиенттер де бар. «Қазақтелеком» жоба ресми түрде республика бойынша іске асып жатқанын еске салады.   

Клиенттер SAPA + жобасына қатысуды тексеріп, жаңа роутерді орнату үшін өздеріне ыңғайлы тәсілді таңдай алады. Мобильді қосымша арқылы онлайн, сондай-ақ компанияның абоненттік бөлімдері, сайт немесе 160 нөміріне хабарласып өтінім беруге болады.

SAPA + критерийіне сай келетін клиенттер бірден арнайы хабарлама алады. Сонымен қатар телеом-опеарторының мобильді қосымшасының басты бетінде өтінім беруге арналған батырма бар. Сайтта өзінің статусын тексеріп көру үшін сілтеме бойынша өтсе болғаны. Өтінім беру үлгісіне міндетті түрде дербес шот иесінің ЖСН және ұялы байланыс нөмірін енгізіп, әрі қарай нұсқаулықты орындау қажет.  

Сондай-ақ оқыңыз