Астана әкімдігі Әділбек Жақсыбековпен байланысы бар ақылы тұрақ компаниясымен келісімді бұзуы мүмкін

Астана әкімдігі қаладағы автотұрақтар үшін жауапты «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясымен келсімді бұзуы мүмкін. Жоғары Сот елордадағы ақылы тұрақтарға қатысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімін бұзу туралы ұйғарым шығарды. Бас қаланың әкімі болған Әділбек Жақсыбековтің аталған компанияға қатысы бар.
Мәселенің мән-жәйы
Жоғарғы сот монополияға қарсы органның «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясын басқару бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) келісімінің заңсыз екендігі туралы берген қорытындысын растады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылы әкімдік «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан. Агенттікке қарасты департамент Астанадағы көлік басқармасы бұл компанияға артықшылықтар беріп, бәсекелестікті шектегенін анықтады.
Сонымен қатар келісімшарт мәслихаттың бекітуі алдында қол қойылған, бұл МЖӘ туралы заңнамаға қайшы келеді. Тергеу нәтижелеріне тараптар сотқа шағымданды.
Сот процестерінен кейін Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы монополияға қарсы тергеу нәтижелерінің заңдылығын мойындады. Енді басқарма келісімді бұзу шараларын қабылдауы керек.
Автотұрақтарға Әділбек Жақсыбековтің қандай қатысы бар?
Қазіргі уақытта «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ның негізін қалаушысы және директоры Чингиз Досыбаев.
Shishkin_like Telegram-каналының мәліметіне сенсек, компанияның алғаш негізін қалаушылары «Бонн» ЖШС және «Гала-2009» ЖШС болған, олардың екеуі де Серік Кулагиннің жұбайы Галина Кулагинамен байланысты.
Кейінірек, компания Арман Батпенге өткен, ол Әділбек Жақсыбековтің жиен інісі болып келеді. Олардың туыстық қарым-қатынасы туралы мәліметті Қазақстан қор биржасында жарияланған құжаттардан байқауға болады.
Кейінірек компанияның негізін қалаушы Рустем Исенов болды. Оның да Жақсыбековтер отбасының бизнесімен байланысы бар. Қазақстан қор биржасының деректеріне сәйкес, 2017 жылы Исенов «Республика» басқарушы компаниясының 64% акциясына иелік еткен, оның инвесторы «Цеснабанк» болған.
2020 жылы «Астана тұрақ кеңістігі» Ержан Төлеубековке өткен, ол «Республика» компаниясының 10% акциясына иелік еткен. Төлеубеков Жақсыбековтер отбасының бірнеше компанияларында жұмыс істеген және 2007-2012 жылдары олардың бақылауындағы «Цеснабанк» директорлар кеңесін басқарған.
Рустем Исенов те Жақсыбековтер отбасымен тығыз байланыста болған, ал Ержан Төлеубеков пен Исенов «Альфа Пропертис» компаниясының акционерлері болған. 2020 жылы компания Төлеубековке өткен. 2022 жылы компания Гаухар Жамантаеваға уақытша өткен соң, Чингиз Досыбаевқа қайтадан қайтады және ол қазір жалғыз құрылтайшысы.
Осыған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарына тегін автотұрақтарды қайтаруға уәде берген еді. Алайда тек әлеуметтік нысандардағы тұрақтар ғана тегін болатынын мәлім етті.