Қазақстандық банктердің таза пайдасы 15%-ға артты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстандық банктердің таза табысы қанша / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық банктер 2025 жылдың қаңтар айында 244 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың бірінші айындағы табыспен салыстырғанда 15%-ға артық. Алайда есепте бірқатар банктердің 15,7 млрд теңгедей шығын көргені жазылған.

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердің кірісі шығысынан 228,5 млрд теңгеге асқан. Банктердің жалпы кірісі 7,22 трлн теңгені құраса, шығыны 6,95 трлн теңгені құраған.

Банктердің активтері азайды

2025 жылдың қаңтарында екінші деңгейлі банктердің активтері 947 млрд теңгеге қысқарған. Былтыр жыл соңында ЕДБ активтері 61,55 трлн теңгені құраса, қаңтар айының нәтижесінде 60,6 трлн теңге болды.

Ұлттық банк есебіне сәйкес, банктердің капиталы 179 млрд теңге қосып, 9 трлн теңгеге жетсе, міндеттемелері 1,1 трлн теңгеге қысқарып, 51,5 трлн теңгені құраған.

Жалпы қазақстандық банктердің таза табысы кейінгі 10 жылда 9 есе өскен.

Бұған несие беру көлемінің ұлғаюы, пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуы, цифрлық банкингтің дамуы және инвестициялық қызметтің өсуі ықпал етті. Қазіргі таңда банк секторы – Қазақстандағы ең тұрақты әрі табысты салалардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз