Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Антикорға елдегі жемқорлықпен күресуге көмектеседі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Димаш Құдайберген Антикор басшысымен қандай мәселе талқылады? / Фото: Антикор

Қазақстандағы жемқорлықпен күресуге енді әйгілі әнші Димаш Құдайберген де көмектесетін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали халық әртісімен кездесті. Ведомство басшысы мен өнер иесінің кездесуі жәй әңгіме форматында ғана өткен жоқ, олар өнердің жемқорлыққа тосқауыл қоюға қалай ықпал ете алатынын талқылады.

Димаш Құдайберген Антикор басшысымен не туралы сөйлесті?

Агенттік төрағасы өнер жұлдызына жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар және  онымен күресуде қандай замануи әдістер қолданылатыны жайлы түсіндірген. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес мәселесінде өнер саласы оң септігін тигізеді деп санайды.

«Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады»,– делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Әнші де атқарылып жатқан жұмыстарға және болашақтың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдіруге қарсы еместігін жеткізді.

Ол осыған дейін елдегі туризм саласына қолдау көрсеткен еді. Ол Қазақстанның туристік аймақтарын насихаттау мақсатында бейнебаян түсірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз