Жарты жылға созылған шектеуден соң Ресей Қазақстанға қайтадан бидай импорттай бастады

Ресейдің Новосібір қаласынан Қазақстанға бидай тиелген вагондар жөнелтілді. Бұл – елімізге былтырғы 21 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында бидай импортына салынған шектеуден кейінгі алғашқы экспорт.
Сібір аймақаралық Россельхознадзор басқармасының мәліметінше, 14 теміржол вагонына тиелген 980 тонна бидай жөнелтілген.
«Жөнелтілмес бұрын астықтың қауіпсіздігін растау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізілді. Фитосанитарлық сертификаттар карантиндік зиянкестердің жоқтығын көрсеткен талдау нәтижелері негізінде берілді»,— деп хабарлады Россельхознадзор.
Еске салсақ, Қазақстан билігі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бидайды республика аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді. Бастапқыда Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан бастап бидай импортына тыйым салатынын хабарлады. Елде импорттың көлемі жарты жылда 1,3 миллион тоннаға жетті. 2023 жылы тұтас импорт көлемі осындай деңгейде болған.
Айта кетейік, Қазақстан жаз бойы Өзбекстанды айналып өтіп Ауғанстанға бидай экспорттайтын жаңа маршруттар іздестіріп жатыр. Сол арқылы биыл бидай экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр.