Ақтөбе облысында боранға байланысты жол учаскелері жабылды

Жарияланды
штормовое предупреждение, дорога, трасса
Ақтөбе облысында жол учаскелері жабылды / Фото: kursiv.media

Ақтөбе облысында қар жауып жел тұрғанына байланысты жол бойында көру мүмкіндігі төмендеген. Соған баланысты «Қазавтожол» бірнеше учаскеде жол қозғалысын шектеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы бірнеше күнде белсенді циклондар Қазақстанға жауын шашын әкеледі. Салдарынан батыста, солтүстік – батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанады.

Осыға орай Батыс Қазақстан өрлерінде эол қозғалысы шектелген болатын. Енді Ақтөбе облысында да көлік қозғалысы нашарлап, шектеу енгізілген.

«2025 жылғы 21 ақпан сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы – Қарауылкелді ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», – делінген «Қазавтожол» хабарламасында.

Шектеулер 2025 жылдың 22 ақпаны сағат таңғы 6-да алынады.

Тағы қандай жол учаскелері жабылды?

Өңірде қар жауып, боран басталған соң өңірдегі басқа да бағыттар бойынша жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Атап айтқанда:

  • Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасының арасындағы «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырымы бойынша жол қозғалысы шектелген.
  • Ақтөбе облысының БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы аралығы – «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырымы жабылған.

«Жолды 2025 жылғы 22 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған», – деп хабарлайды компания.

Ал түнгі уақытта БҚО мен Маңғыстау облыстарында жол қозғалысы шектелген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз