Ұлттық экономика бірінші вице-министрі. Азамат Әмриннің қызметі жоғарылады

Жарияланды
Азамат Әмрин
Азамат Әмрин Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды / Фото: primeminister.kz

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің қызметі жоғарылады. Үкімет қаулысымен бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген Үкімет хабарламасында.

Қызметтік жолы

Азамат Әмрин Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ақмола ауыл шаруашылығы институтында одан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алған.

Қызметтік жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. 1997 жылдан 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Комитеттегі қызметінен әкімдік қызметке 2008 жылы ауысқан. Бұл жылы ол облыстағы Шал ақын ауылын басқарған. 3 жыл қызмет еткен соң, «Амрин К. К.»  шаруа қожалығының менеджері болған. Қожалықта 2011-2013 жылға дейін қызмет еткен. Ал 2013 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары, кейін директоры лауазымын атқарған.

Ал 2020 жылы ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз