Келлог Зеленскийді «батыр көшбасшы» деп атады

Келлог Зеленскийді «батыр көшбасшы» деп атады. АҚШ-тың Ресей және Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі жайында алғаш рет осындай пікір білдірді.
Келлог пікірі
«Украинаның жоғарғы басшыларымен ұзақ және қанық күнді өткіздік. Соғысып жатқан ұлттың батыр көшбасшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі оның дарынды командасымен ауқымды әрі позитивті талқы жүрді», – деп жазды Келлог.
DW ақпаратына қарағанда, Зеленский 20 ақпанда Келлогпен кездескен болатын. Келлог Зеленскийді осы кездесуден кейін мақтаған.
Кездесуден соң тараптар БАҚ өкілдерімен тілдесіп, сұрақтарына жауап беруден бас тартқан еді. Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифров сұрақ-жауаптың қарастырылмағанын атап өтті.
Кімдермен кездесті?
Келлог Киевке үш күнге келген. Оны Украинаның қарулы күштерінің бас қолбасшысы, генерал Александр Сырскиймен қабылдады. Сондай-ақ, АҚШ өкілі украиналық арнайы қызмет басшыларымен, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермакпен кездесті.
Сонымен қатар, Келлог Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен жолықты. Келлог Зеленскийді «көшбасшы» деп атағанмен, аты-жөнін толық атамаған. Осылайша Келлог Зеленскийдің атын атамай-ақ мадақтады.
Кездесуде не айтылды?
Украина СІМ-інің ақпаратына қарағанда, екі тарап әділ, берік бейбітшілік орнатудың жолдарын талқылаған.
«Мен Украинаның бейбітшілікке күшпен жетуге дайын екенін растадым. Біздің алдағы қадамдарымыз айттым. Мен Украина мен трансатлантика қауіпсіздігін бөліп жарып қарауға болмайтынын жеткіздім», – деп жазды Андрей Сибига.
Келлог Зеленскийді және украина басшылығын осы кездесуден кейін мадақтап отыр.
Келлог 100 күн ішінде соғысты тоқтата ма?
Айта кететін жайт, АҚШ президенті Дональд Трамп 100 күннің ішінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтауға уәде берген. Бұл міндетті Украина мен Ресей мәселесі жөніндегі арнайы өкіл, отставкадағы генерал Кит Келлогқа жүктеген болатын. Келлог Зеленскийді және басқаларды осы мерзімде соғысты тоқтауға үгіттеп жүр.