Рим папасы тағынан бас тартуы мүмкін

Жарияланды
Бұдан бір апта бұрын Рим папасының денсаулығында кінарат бар екені белгілі болды. / фото: KursivMedia мұрағаты

Рим папасы Франциск денсаулығы сыр беріп, міндетін орындау қиындаса, тағынан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы кардинал Джанфранко Равази мәлімдеген.  

Шешімді өзі қабылдайды

Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында кардинал ақырғы сөзі Рим папасының өзі айтатынын меңзеді.

«Қиындыққа тап болып, міндетін орындай алмаса, ол таңдай жасайды. Әрине, шешімді өзі қабылдайды. Бәлкім, кеңес сұрар. Алайда ар-ожданы бойынша кесімді сөзін өзі айтады», – деді кардинал Рим папасының денсаулығы жайында.

Қандай дерті бар?

Бұдан бір апта бұрын Рим папасының денсаулығында кінарат бар екені белгілі болды. 88 жастағы папа Франциск Римнің Gemelli емханасы барған. Бронхит дерті емдетіп, медициналық тексеруден өткен. Артынша оның екі жақты пневмонияға шалдыққаны анықталды.

Ол қазір ауруханада жатыр. Қатысуы тиіс барлық шараларды кейінге шегерген. Соңғы кездері Ватикан оның жағдайы тәуір болып келе жатқанын хабарлаған. Әлі де денсаулығы жақсарғанша, Рим папасы ем қабылдайды.

Мұның алдында Франциск Ресей президенттері Владимир Путин және Украина және Владимир Зеленскиймен кездесуге әрқашан дайын екенін айтқан еді. Рим Папасы бейбітшілікті орнату ниетін осылай білдірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз