Alibaba ЖИ-ді дамытуға 53 млрд доллар инвестиция салады

Alibaba Group Holding жасанды интеллектті дамытуға 53 млрд доллар салмақшы. Компания алдағы үш жылда ақпаратты өңдеу орталықтарын салуды жоспарлап отыр. Бұл Alibaba-ның ЖИ саласында көшбасшы боламын деген амбициясының белгісі деп жазады Bloomberg.
Джек Ма негізін қалаған интернет алпауыт соңғы он жылмен салыстырғанда биыл ЖИ жүйесіне және бұлтты есептеулер саласына ерекше назар салып отыр. Alibaba ЖИ пайданатын компаниялар үшін негізгі көшбасшы болуға ұмтылып жатыр, себебі әрбір ЖИ модель көбірек есептеу қуаттарын талап етеді.
2020 жылы үкіметтің қысымынан кейін компания бағытын электронды коммерция және ЖИ-ға ауыстырды. Компания бас директоры Эдди Ву OpenAI және Microsoft тәрізді жалпы жасанды интеллектті дамыту компанияның негізгі мақсаты болады деп мәлімдеді.
Дегенмен сарапшылар Alibaba-ның ЖИ-ді дамыту бойынша талпынысы биік болғанмен, іс жүзінде әлі де Microsoft пен Google-ден кейінгі орында деп бағалайды. Бұған компанияның бұл салада жаңа ойыншы екендігі және АҚШ-тың чип сатып алуға санкциялары себеп болған.
2025 жыл басында Джек Ма ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен саммитке қатысты. Осыдан кейін компания нарықтық құнын 100 млрд долларға дейін ұлғайтты.
Биыл техноалпауыттар ЖИ-ге инвестиция салуды көбейтіп жатыр. BlackRock Microsoft корпорациясы және Абу-Дабидегі MGX инвестициялық компаниясымен бірлесіп, 30 млрд долларға қор құрды. Ол ұйым ЖИ және оның қажеттіліктеріне үшін энергетикалық инфрақұрылымдар салумен айналысады.
Ал жапониялық SoftBank ChatGPT-ге 25 млрд долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.