Мемлекет блогерлерге кедергі жасамай, онымен дос болуы тиіс

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Қырғызстан блогерлерге салық жеңілдігін ұсынды / фото: economist.kg

Қырғызстан салық қызметінің басшысы Алмамбет Шықмаматов елдегі блогерлерге жеңілдік ұсынды. Бұл туралы жергілікті economist.kg басылымы жазды.

Шенеуніктің айтуынша, қырғыз блогерлері арнайы екі салық тәртібінің біреуін таңдай алады.

  • Біріншісі – төмен табыс салығын (10%-дың орнына 5%) төлеп, 15 жыл бойы сақтандыру төлемінен босау.
  • Екіншісі – 2027 жылға дейін табыстан 1%, одан кейін 2% салық төлеу. Мұнда да сақтандыру төлемінен босатылады.

«Ыңғайлы жағдай. Салықтан мүлдем босатуға да болмайды. Алайда өсуге жағдай жасау керек.

Блогерлік – қарқынды дамып келе жатқан сала. Оның мазмұнының қоғам үшін маңызы жоғары. Мемлекет блогерлерге кедергі жасамай, онымен дос болуы тиіс«, – дейді Шықмаматов.

Қырғызстан жергілікті блогерлерге жеңілдік ұсынып отырған уақытта, оған көрші Қазақстанда осы саладағы танымал тұлғаларға қатысты салық саясатын күшейтіп отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) 600-ге жуық қазақстандық блогердің салық төлемегенін олардың кәсіпкерлік қызметі туралы декларациясы мен салық органдарының есебін тексере отырып анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз