Қырғызстан Трамптың палестиналықтарды Газа аймағынан көшіру туралы бастамасына қарсы шықты

Жарияланды
Қырғызстан Трамптың палестиналықтарды басқа аймаққа күштеп көшіру жөніндегі бастамасына қарсы / Фото: shutterstock, freepik

Қырғызстан АҚШ президенті Дональ Трамптың Газада тұратын палестиналықтарды басқа аймақтарға күштеп қоныс аудару туралы бастамасына қарсы шықты. Елдің бұл мәселедегі позициясын министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов жеткізді.

Премьер-министрдің орынбасары Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің 58-сессиясында сөз сөйлеп, палестианалықтарды туған жерінен көшіру әрекетін этникалық тазарту деп бағалады.

«Палестиналықтарды күштеп көшіру әрекеті этникалық тазартудың бір түрі. Біз мұндай бастамаға қарсымыз және халықаралық қауымдастықты бүкіл халықты ұжымдық жазалау әрекетінің алдын алуға шықарымыз», – деп мәлімдеді Байсалов.

Айта кетсек, Дональд Трамп біраз уақыт бұрын мәлімдеме жасап, Газа аймағын бақылауға алатынын айтты. Ал Газа тұрғындарын елдің басқа аймақтарына көшіретінін жеткізді. Оның бұл бастамасын Израиль тарапы жақсы қабылдап, қолдау көрсетті. Ал Араб елдері бұған қарсы шықты.

Сондай-ақ оқыңыз