Салондардағы 4%-дық автонесие: ақиқат па, маркетингтік айла ма

Үкімет бастап, ғұмыры қысқа болған 4%-дық автонесие бағдарламаларын салондардың өзі ұсынып жатқаны туралы жарнама жиі шығады. Бұл ақиқат па әлде клиентті қызықтыру үшін маркетологтардың ойлап тапқаны ма? Жалпы кімге тиімді, осы сұрақтарға жауап іздеп Kursiv.media тілшісі нарықта бар ұсыныстарды саралап көрді.
Сhevrolet
Такси жүргізушілері арасында танымал бренд Cobalt және Onix моделдеріне «Өзіміз ғой» бағдарламасы аясында бірнеше ұсыныс әзірлеген.
Мәселен, «Cәке» опциясы аясында көлікті бастапқы жарнасыз 2 жылға бөліп сатып алуға болады.
– Бастапқы жарна – 0%;
– Несиелеу мерзімі – 24 ай;
– Мөлшерлеме – 0,1%.
«Бәке» опциясымен көлікті төменгі пайызбен алуға мүмкіндік бар:
– Бастапқы жарна 10%-дан басталады;
– Несиелеу мерзімі – 48 ай;
– Пайыздық мөлшерлеме – 4,2%.
«Мәке» опциясында 6 жылға бөліп төлеу қарастырылған:
– Бастапқы жарна – 50%;
– Несиелеу мерзімі – 72 айға дейін;
– Ай сайынғы төлем – 63 664 теңгеден бастап.
Одан бөлек «Тәке» деген де опция бар:
– Бастапқы жарна – 30%;
– Несиелеу мерзімі – 84 ай;
– Ай сайынғы төлем – 94 594 теңге;
Сондай-ақ 2,7-ден 12%-ға дейінгі мөлшерлемемен 2 жылдан 7 жылға дейін жеке несие шарттарын таңдауға болады.
Hyundai
Аталған бренд сатылымдағы өзінің барлық үлгісіне алғашқы жарнаның көлеміне байланысты жекелеген пайыздық мөлшерлемелер ұсынып отыр.
Брендтің ең танымал TUCSON үлгісінің мысалында көрсетелік.
Бірден 50%, құйсаңыз, пайыздық мөлшерлеме 4% болады, ай сайынғы төлем – 102 639 тг басталады.
Ал бастапқы жарна – 30%-49,9%-ды құраса, пайыздық мөлшерлеме – 9%, ай сайынғы төлем – 169 489 тг болады.
Бастапқы жарна азырақ болса, сәйкесінше пайыз жоғары, төлем көбірек. Мәселен, 10%-29,9% аралығында құйсаңыз, пайыздық мөлшерлеме – 13%, ай сайынғы төлем шамамен 246 754 теңге болады.
Барлық жағдайда несие 7 жылға дейін беріледі.
KIA
Кәрістің тағы бренді өзінің Cerato, Sportage, K5, Ceed секілді үлгілеріне бағдарламалар әзірлеген.
Бастапқы жарна 10-29% аралығында болса, несие жылдық 12% мөлшерлемемен рәсімделеді.
Бастапқы жарна 30-49% болса, мөлшерлеме 8%.
Көліктің 50%-ын бірден құйсаңыз, қалған соманы 4%-дық автонесие арқылы рәсімдеп береді.
Changan
БЖ – 50% және одан да жоғары, төлем 112 157 теңгеден басталады.
БЖ – 30%-49,9%, төлем 218 457 теңгеден басталады.
БЖ – 10%-29,9%, төлем 269 800 теңгеден басталады.
CHERY
Бастапқы жарна 10% болса, пайыздық мөлшерлеме – 24,5%;
Бастапқы жарна 20% болса, пайыздық мөлшерлеме – 14,9%
Мұнда да бастапқы жарна 50% болған кезде ғана, пайыздық мөлшерлеме – 4%-ға түседі.
Geely
Аталған брендте де бірнеше бағдарлама бар.
Ә дегенде көліктің 10%-24,9%ын құйған кезде, жылдық пайыз 9% болады.
25% және одан жоғары соманы құйғанда, төменгі мөлшерлеме шегі 4% болады.
Екі жағдайда да несиенің максималдық мерзімі 7 жыл.
Haval
– Бастапқы жарна – 50%;
– Несиелеу мерзімі – 84 ай;
– Пайыздық мөлшерлеме – 4%
JAC
Барлық науқандардың ішінде Қытайдың аталған брендінің талаптары салыстырмалы түрде қолжетімдірек. Ұсыныс әр модельге жеке-жеке қарастырылған. Танымал JAC J7 және JAC S3 Pro модельдерінің шарттары ұқсас.
Айталық, алғашқы жарна 10% болса, көлік несиеге 7.5% мөлшерлемемен беріледі.
Ал бастапқы жарна ретінде көбірек – 20% құйса, 4%-бен беріледі.
Сегіз брендтің ұсыныстарын саралау 4 пайыздық автонесиені көлік құнының 20-50 пайызын құйып алуға мүмкін бар екенін көрсетті.
Тізімге енген көліктердің 5-еуі қытайлық бренд. Қанша жерден көршілердің көлігіне деген күмән болғанымен, олар елде көп сатылатын автомобильдер қатарына кіріп үлгерді.
Бұған дейін дәл осы қытай көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін тізіп шыққанбыз.