Ораза айында пайдалы болатын мобильді қосымшалар

Рамазан айында мұсылмандар үшін намаз уақыттарын бақылау, дұғалар мен Құран оқу, Қағбаның бағытын анықтау және ораза уақытын білу маңызды. Бүгінде бұл қажеттіліктерді арнайы мобильді қосымшалар арқылы жеңілдетуге болады. Төменде Рамазан айында пайдалы болатын қосымшаларды ұсынамыз.
Sajda (Sajde KZ)
- Намаз уақытын көрсету
- Құран оқу
- Мұсылман мейрамдарының күнтізбесі
- Зікір және салауат айту
- Құбыланың бағытын көрсету
- 24 сағат бойы тікелей эфирден Меккені көрсету
Sajda қолданбасы 2012 жылдан бері дамытылып келе жатқан танымал намаз уақытын бақылау қосымшасы. Ол 10-нан астам тілде және жарнамасыз жұмыс істейді.
IQUP
- Намаз уақытын көрсету
- Құбыла бағытын анықтау
- 400-ден астам дұға мен зікір
- Қасиетті Құранды қазақ тілінде оқу және тыңдау
IQUP – мұсылмандарға арналған заманауи суперқосымша. Ораза кезінде дұғалар мен Құран сүрелерін тыңдау арқылы рухани азық жинағыңыз келсе, бұл қосымша сіз үшін таптырмас құрал.
Halal Guide
- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сертификаты бар халал өнімдерді табу
- Халал мейрамханалар мен дүкендерді іздеу
- Тағам құрамындағы күмәнді қоспаларды анықтау
Ораза кезінде дұрыс әрі адал тамақтану маңызды. Halal Guide қосымшасы сізге халал мейрамханалар мен дүкендерді табуға көмектеседі.
Quran KZ
- Құранды қазақ тіліндегі аудармасымен оқу
- Намаз уақыттарын бақылау
- «Дұғалар жинағы», «100 хадис», «Намаз оқып үйренейік» сияқты пайдалы кітаптар
Қасиетті айда Құран оқу – үлкен сауап. Quran KZ қосымшасы арқылы сіз Құран сүрелерін қазақша аудармасымен оқып, хадистер мен дұғалармен таныса аласыз.
Еске сала кетейік, ҚМДБ мәліметінше, Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.