Зейнетақы қоры қаңтарда неге 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаңтар айында 285 теңге ивестициялық шығын алған. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы 22,3 трлн теңге зейнетақы активінің инвестициялық шығынға ұшырауына бірнеше себеп бар: өткен айда валюта бағамының құбылуы, мемлекеттік бағалы қағаздардың арзандауы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі. Нәтижесінде зейнетақы қорының қаржысы инвестицияланған активтердің құны арзандады.
«Негізгі шығындар теңгенің 525,11 теңгеден 518,14 теңгеге дейін АҚШ долларына нығаюы салдарынан бағамдық қайта бағалаумен, сондай-ақ олардың кірістілігінің орташа 40 базалық тармаққа өсуі аясында ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ нарықтық құнының төмендеуімен негізделді», – делінген хабарламада.
Трамп шешімінің зейнетақы қорына әсері
Одан болек, шетелдік нарықтарда сатып алынған активтердің нарықтық құны төмендеген. Оған АҚШ президенті Дональ Трамп қабылдаған қаулылар әсер еткен. Траптың шешімдері нарықтағы құбылмалылықты арттырды.
«2025 жылдың қаңтарында АҚШ Президенті Трамптың тарифтер мен күшті еңбек нарығын енгізу туралы қорқытуы аясында нарықтың құбылмалығы байқалды. Осылайша,қаңтарда базалық мөлшерлемені 4,25% – 4,50% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды, бұл ретте нарықты 2025 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеменің 2 есе төмендеуі күтіп тұр», – делінген хабарламада.
Соның салдарына АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі қаңтарда 3 базалық тармаққа төмендеген.
Зейнетақы қоры инвестициялық кірісі
Қаңтар айында қор бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан 139,91 млрд теңге кіріс алған.
Алайда бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан – 252,14 млрд және шетелдік валютаны қайта бағалаудан 52,92 млрд, сыртқы басқарудағы активтерден 120,24 млрд теңге шығын түсткен. Нәтижетсінде өткен айда инвестициялық шығын 285 млрд теңгені құраған.
Қор қаржысы қайда инвестицияланған?
Ұлттық банктің секнімдегрлің басқаруыншаған 22,3 трлн теңгенің 41 пайызына Қаржы министрлігінің бағалы қағазы сатып алынған. бұл бағалы қағаздардың 1 ақпандағы жалпы құны 9,3 трлн теңгеге тең.
Ал 38,5 пайызы сыртқы басқарудағы активтер, дамыған және дамушы елдерді активтеріне салынған.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, соңғы 12 ай үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,66 пайызды құраған. Ал нақты 2025 жылдың қаңтарындағы кірістілігі -1,25%-ға тең.