Қар аралас жаңбыр. 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігіне циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Тек Қазақстанның шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қауіпті аймақтар:
- Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында – түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар)
- Алматы және Түркістан облыстарының оңтүстігі мен таулы аудандарында – күндіз қатты жаңбыр және қар
- Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында – қатты қар
- Алматы облысының шығысы және Жетісу облысының солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында – екпінді жел (30 м/с және одан жоғары)
Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда абай болуға, көлік жүргізушілеріне қырағылық танытуға және жылы киінуге кеңес береді.
Сонымен қатар қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше Ұлытау, Жетісу, Қызылорда облыстарында жолдар жабылды.